Хоккей: Олимпиаданың жартылай финалында ойнайтын құрамалар анықталды

17 Ақпан 2022, 16:55
1240
Бөлісу:
Хоккей: Олимпиаданың жартылай финалында ойнайтын құрамалар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шайбалы хоккейден Бейжің олимпиадасының жартылай финалында бақ сынайтын құрамалардың барлығы анықталды, деп хабарлады Хабар24. 

Соңғы болып жартылай финалға Швеция өтті. Олар ширек финалда канадалықтарды 2:0 есебімен жеңді. 

Қорытынды кезеңнің орта тұсында Лукас Валльмарк есеп ашса, ойын соңына қарай Антон Ландер мергендік танытты. Осылайша соңғы бес олимпиадада үш рет жеңімпаз атанған Канада құрамасы жарысты ерте аяқтады. 

Шведтер 2006 жылдан бері Олимпиадада жеңіске жетпеген. Тек 2014 жылы күміс медальге иелік еткен болатын. 

Енді Швеция жартылай финалда Ресеймен өзара кім мықтыны анықтаса, Словакия мен Финляндия да финал жолдамасын сарапқа салады. 18 ақпанда жартылай финалдық матчтар өтсе, үшінші орын үшін талас 19 ақпанға, ал финал 20 ақпанға жоспарланған.
 

Өзгелердің жаңалығы