ХОК президенті Томас Бах қызметінен кететінін мәлімдеді

15 Тамыз 2024, 07:47
525
Бөлісу:
ХОК президенті Томас Бах қызметінен кететінін мәлімдеді
Фото: ашық дереккөзден

Халықаралық олимпиадалық комитеттің (ХОК) президенті Томас Бах өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін қызметінен кететінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықаралық олимпиадалық комитетіне 2013 жылдан бері басшылық жасап келген Томас Бах аталған ұйымның 142-сессиясында өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін қызметінен кететінін мәлімдеді.

2021 жылы төрт жылдық мерзімге қайта сайланған неміс маманының мерзімі бір жылдан соң аяқталады. Соған байланысты ХОК-тің бірқатар мүшелері Бахтың өкілеттілік мерзімін ұзартуға қатысты регламентті өзгерту жөнінде ұсыныс білдірген еді.

Халықаралық олимпиадалық комитеттің жаңа президентін сайлау 2025 жылдың наурыз айында өтеді. Томас Бах қажет болған жағдайда өзінен кейінгі азаматқа көмектесуге дайын екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы