ХҚКО-ға бармай, видеобайланыс арқылы мемқызмет алуға болады – Мусин

25 Қазан 2021, 11:24
6358
Бөлісу:
ХҚКО-ға бармай, видеобайланыс арқылы мемқызмет алуға болады – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Қағаз, құжат айналымын азайту бойынша жұмыс істеліп жатыр. Осының аясында бүгінде eGov mobile қосымшасында «цифрлық құжаттардың» 18 түрі іске асырылды. Сервис азаматтарға құжатты мобильдік қосымша арқылы электрондық форматта қарау, сондай-ақ оның дұрыстығын тексеру мүмкіндігін береді. Сервисті тиісті ақпараттық жүйелермен ықпалдастыру арқылы құжаттарды цифрлы тексеру мүмкіндігі іске асырылды, - деді министр. 

Бүгінде цифрлық құжаттармен әуежайларда, теміржол вокзалдарында, нотариустерде, банктерде, ХҚКО-да, поштада қызмет алуға болады.

Цифрлық құжаттар пайдаланушылар саны 5 млн-нан астам адамды құрайды.

Сондай-ақ ХҚКО да жаңа форматта жұмыс істейді. Яғни қызметтерді ХҚКО-ға бармай-ақ видеобайланыс арқылы алуға болады. Бүгінде пилоттық режимде 4 өңірде, атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарында осы сервис қосылды. Облыс тұрғындары ХҚКО-ға бармай-ақ, биометрия бойынша идентификацияны өтіп, қызметтерді ала алады. Бұл консультация емес, мемқызметтерді алу, оны тіркеу, - деп түсіндірді Бағдат Мусин Мәжілісте. 


 

Өзгелердің жаңалығы