Химия өнеркәсібі қарқынды дамып келеді – министр

29 Мамыр 2022, 13:16
1463
Бөлісу:
Химия өнеркәсібі қарқынды дамып келеді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев химия өнеркәсібі саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

 Химия өнеркәсібі ел экономикасының стратегиялық тұрғыда маңызды және басымдық берілетін бағыттарының бірі. 

Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жылдары аталған салада 139 инвестициялық жоба іске қосылып, 14,5 мың жұмыс орны ашылды. Бүгінде сала кәсіпорындары өндірістерді техникалық қайта жарақтандырып, заманауи технологияларды енгізе отырып, қарқынды дамып келеді. Отандық нарықта елімізде бұрын-соңды өндірілмеген калий тұзы, глифосат және құрамында гербицидтері бар глифосат, полипропилен пленкасы, композитті коагулянттар және басқа да өнімдердің өндірісі жүзеге асырылуда. Бұл жетістіктердің барлығы сіздердің тәжірибелеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен еңбекқорлықтықтарыңыздың нәтижесі деп есептеймін. Қымбатты әріптестер! Кәсіби мереке күні сіздерге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін, - деп жазды министр.

Өзгелердің жаңалығы