Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ Жазғы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов жартылай финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық боксшы ширек финалда 71 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевпен жұдырықтасты.
Екі спортшы да – әлем чемпионы, сондықтан жекпе-жек тартысты болды.
Алғашқы екі кезеңде төрешілер шешімімен өзбекстандық боксшы алда тұрды. Бірақ соңғы раундта Асланбек қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, рефери кездесуді тоқтатты.
Кешкі сессияда Валентина Хальзова 75 келіге дейінгі салмақта қытайлық Цянь Лиден жеңіліп қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қамшыбек Қоңқабаевтың Азия ойындарының 1/2 финалына өткенін жазғанбыз.
Оқи отырыңыз: