Жээнбеков Парламент пен премьер-министрді отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды

9 Қазан 2020, 14:13
1259
Бөлісу:
Жээнбеков Парламент пен премьер-министрді отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламент пен премьер-министрді отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Кабар агенттігі.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қол қойған Жарлыққа сәйкес, Қырғызстан Конституциясының 65-бабы, 87 бабының 1,2,3 бөлімі, 13-бабының 1 бөлімі, 4 тармақшасы, 23-бабының 3бөлімі, 1 тармақшасы және 23-бабының 4 бөліміне сәйкес Қырғызстан премьер-министрі Кубатбек Боронов отставкаға жіберілді, - делінген Қырғызстан президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімі таратқан хабарламада. 

Қырғызстан үкіметі де отставкаға кетті деп саналады. Жарлыққа сәйкес, елде премьер-министр, бірінші вице-премьер-министр, вице-премьер-министрлер, үкімет мүшелері қызметін атқарған тұлғалар Қырғызстан үкіметінің жаңа құрамы қалыптастырылған уақытқа дейін бұрын атқарған қызметтеріне сәйкес міндеттерін атқарады. Жарлық қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.


Өзгелердің жаңалығы