Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Хайуанаттар бағына найзағай түсіп, 13 адам зардап шекті

15 Мамыр 2025, 02:40
704
Бөлісу:
 Pompiers 13
Фото: Pompiers 13

Францияның оңтүстік-шығысындағы Ла-Барбен коммунасында орналасқан хайуанаттар бағында найзағай түсуінен 13 адам зардап шекті. Бұл туралы Le Parisien газеті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға сәрсенбі күні орын алған. Найзағай екі адамға тікелей тиген. Олардың бірі Германия азаматы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Тағы 12 адам, оның ішінде төрт бала да медициналық тексерістен өтті, алайда олар шұғыл жәрдемге мұқтаж болмаған. Зардап шеккендердің жағдайы жалпы бақылауға алынған.

Буш-дю-Рон департаментінің өрт сөндіру және құтқару қызметі 46 маманнан тұратын топты оқиға орнына жіберіп, 15 адамды тексеруден өткізді. Алайда екі адамның найзағайдан зардап шекпегені анықталды.

Бақытымызға орай, хайуанаттар бағындағы жануарлар мен инфрақұрылымға зақым келмеген.

Осыған дейін Францияның метеоқызметі елдің бірқатар аймағында найзағай қаупіне байланысты «сары» деңгейдегі ескерту жариялаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы