Хайуанаттар бағы Ақтауда құтқарылған фламинголарды панасына алатын болды

14 Желтоқсан 2023, 13:17
487
Бөлісу:
Хайуанаттар бағы Ақтауда құтқарылған фламинголарды панасына алатын болды
Фото: Азамат Сәрсенбаевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ақтау қаласының тұрғыны үйінде екі қоқиқаз балапандарын уақытша паналатып, тамақтандырған. Балапандар өз үйірінен адасып қалған. 

Азамат Сәрсенбаев кеше, 13 желтоқсанда, тағы бір фламинго балапаны табылғандығын айтып, порт қызметкерлеріне жүгінген. 

Хайуанаттар бағы Ақтауда құтқарылған фламинголарды панасына алатын болды

Мен балапандарды үйіме паналаттым. Тамақтандырып, жылыттым. Осылайша кеше ғана Алматы хайуанаттар бағының директоры қоңырау шалды. Олар балапандарды қуана-қуана қабылдауға дайын екендігін атап өтті. Бұл мен үшін өте жақсы жаңалықтың бірі болды, – деп жазды блогер.

Азамат балапандарды бағатын орынды табу оңай шаруа емес екенін айтты.

Түйеқұс фермасы оларды тамақтандыратын ештеңесі жоқ екенін айтып, қабылдаудан бірден бас тартты. Бұл жерде қандай қиындық барын түсінбеймін. Мен өзім-ақ оларды баққым келген. Бірақ бұл заңды тұрғыда дұрыс емес екен. Осы ретте Алматы хайуанаттар бағының мамандары балапандарды аман алып, бағады деген сенімдемін, – дейді Азамат Сәрсенбаев.

Өзгелердің жаңалығы