Ханчжоудағы Азия ойындары. Отандық спортшылар 305 медаль үшін таласады

19 Қыркүйек 2023, 09:15
1196
Бөлісу:
Ханчжоудағы Азия ойындары. Отандық спортшылар 305 медаль үшін таласады
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық спортшылар 19-шы Азия ойындарының бағдарламасына қосылған 40 спорт түрінің 30-нан бақ сынайтын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандық спортшылар 44 дисциплина бойынша, 305 медаль үшін таласады. Жалпы биылғы Азиадада 61 дициплина бойынша 481 медаль жиынтығы ойнатылады. Қазақстандық спортшылар бокс, дзюдо, таэквондо, күрес, жеңіл атлетика, садақ ату, қазіргі бессайыс, брейкинг, бадминтон, триатлон, теннис, су спорты (жүзу және артистік жүзу), баскетбол, ескек есу спорты, велоспорт, семсерлесу, ауыр атлетика, гольф, гимнастика, гандбол, волейбол, құзға өрмелеу, ескек есу, регби-7, үстел теннисі, ату және хоккей сайыстарына қатысады. 

Сонымен қатар отандық спортшылар 3 олимпиадалық емес спорт түрі: у–шу, жекпе-жек және интеллектуалды үстел ойындарында да жарысқа шығады. 

Азия ойындарына 524 қазақстандық спортшы қатысады. Әрине, кейбір спорт түрлерінде медаль алу мүмкіндігі басқаларға қарағанда жоғары. Біз үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай туғызу маңызды. Ол үшін барлық қажетті жұмысты жасадық. Азиадада спорттың 8 түрінен: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис пен жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасына лицензия ойнатылады, - деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Өзгелердің жаңалығы