Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Хан-Тәңірі" футбол клубының 19 жастағы шабуылшысы өмірден өтті

16 Қазан 2025, 23:05
659
Бөлісу:
 ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Футболшы Диас Төлеудің қазасы туралы ақпаратты Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан футбол федерациясы "Хан-Тәңірі" клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады, - деп жазылған қаралы хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін ақтөбелік жас футболшы көз жұмған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы