«Халықтық құрылыс» бағдарламасы жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтиды – Мемлекет басшысы

«Халықтық құрылыс» аясында елді мекендерге газ бен таза ауыз су тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылады.

 Ақорда 28 Қазан 2026, 11:25
28 Қазан 2026, 11:25
147
Фото: Ақорда

Қазақстанда тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Халықтық құрылыс» атты ауқымды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жобаның барлық өңірді қамтып, елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға және халықты жұмыспен қамтуға ықпал етуі керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұдан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінеді. Көптеген елді мекендерге газ және таза ауыз су тартылады. Үкімет жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлейді. Бұл тізім барлық аймақты қамтуы керек, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент халқымыздың артып отырған зор үмітіне лайық болуымыз қажеттігін алға тартты. 

Бұл жоспарымыз ел игілігін арттыруға арналып отыр, басқа астарлы ойымыз жоқ. Сондықтан осы үлкен құрылыс қозғалысына «Халықтық құрылыс» деген атау берсек, қарсылық болмас деп сенемін. «Халықтық құрылыс» бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыратын, кәсіпкерліктің өркендеуіне, дамуына, ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ. Аталған бастама жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтиды, оның игілігін тұтас халқымыз, әсіресе, өскелең ұрпақ көреді деп кәміл сенемін, - деді Мемлекет басшысы. 

Наверх