«Халықтық бақылау» әлеуметтік маңызды жобасы енгізіледі

28 Сәуір 2022, 18:29
2184
Бөлісу:
«Халықтық бақылау» әлеуметтік маңызды жобасы енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Еңбек министрлігі ЕӘҚКК төрағасы Ербол Нұрғалиев еліміздегі еңбекті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. 

2019 жылдан бастап біз «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеміз. Бүгінгі таңда оған 292 кәсіпорын қосылды. Сонымен қатар Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп, «Халықтық бақылау» әлеуметтік маңызды жобасы енгізілуде, ол мүмкіндігі шектеулі адамдарды «халықтық бақылаушылар» ретінде тартуды көздейді. Бүгінгі таңда 164 кәсіпорын осы жобаны жүзеге асыруда, оның аясында 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді, – деп хабарлады комитет төрағасы.

Бұдан басқа, өңірлердің әкімдіктері жазатайым оқиғалардың ең көп санына жол берген жұмыс берушілермен бірлесіп, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жекелеген іс-шаралар жоспарын бекіту бойынша жұмыс жүргізді. Жоспарлар еліміздің 173 кәсіпорнында бекітілді.

Сондай-ақ Еңбек ресурстары порталында (hr.enbek.kz) 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап «Онлайн еңбек консультанты» функционалы іске қосылды, ол жұмыс берушінің еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін өзін-өзі тексеруден өтуін көздейді.

Осылайша, жұмыс беруші осы еңбек инспекторын алмастыратын қызметке жүгіне алады және интерактивті режимде жоспарланған немесе жасалған рәсімдердің дұрыстығын тексереді. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, жұмыс берушіге оларды жою мақсатында қабылдануы тиіс ұсынымдар мен нақты іс-қимылдар ұсынылатын болады.

Бүгінгі таңда өзін-өзі тексеруден 4 мыңнан астам адам өтті.

Өзгелердің жаңалығы