"Халықтың ашуын туғызып отыр". Министр ШҚО-дағы уақыт белдеуі туралы айтты

Бүгiн, 11:32
196
Бөлісу:
"Халықтың ашуын туғызып отыр". Министр ШҚО-дағы уақыт белдеуі туралы айтты
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстанда уақыт белдеуі өзгере ме? Мәжіліс отырысында депутат Сауда министріне ұсыныс айтты, деп BAQ.KZ тілшісі.

Депутат Ұлықбек Тұмашинов Сауда министріне Шығыс Қазақстандағы уақыт белдеуіне қатысты сұрақ қойды.

Бізге халықтың қойған сұрағы уақыт жайлы болды. Сіздің жауабыңызды мұқият тыңдадық. Петиция жарияланып, 60 мыңнан астам адам оған қол қойды. Бірақ әлі де халық наразы болып отыр. Кезінде бізде қысқы уақыт және жазғы уақыт деген болған. Неге сол уақытты қолданбасқа? Неге халықтың наразылығын тудырамыз?, – дейді мәжілісмен.

Сауда министрі Арман Шаққалиев өңірдегі уақыт белдеуіне қатысты жұмыс тобы шешім қабылдап қойғанын айтты.

Мен өзім Шығыс Қазақстанда болдым. Уақыт мәселесі жөнінде жұмыс тобы шешім қабылдады. Бізге маусым аралық уақыт қалай болатынын 2-3 жыл бақылау қажет. Басты мәселе - денсаулық. Ал жалпы денсаулыққа байланысты шешімдер ғылыми зерттеуге сүйенеді. Бірақ сіздің ұсынысыңызды қарастыруға болады. Бізде ондай тәжірибе болды, – деді Арман Шаққалиев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ШҚО әкімі Ермек Көшербаев облыстағы уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірген еді.

Өзгелердің жаңалығы