Халықтың 85 млн теңгесін жымқырған азамат елге экстрадицияланды

4 Наурыз 2023, 13:26
1027
Бөлісу:
Халықтың 85 млн теңгесін жымқырған азамат елге экстрадицияланды
Фото: Tengrinews.kz

Қаржы пирамидасының кезекті жетекшісі елімізге экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Украина Бас прокурорының офисі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматшасы К.-ны экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды.

Тергеу барысында аталған адамның 2017-2018 жылдар кезеңінде тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде беріп, қазақстандық азаматтардың 85 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатын алдап алғаны анықталды.

Прокуратура мәліметінше, ұсталған азаматқа халықаралық іздеу жарияланған.

Биыл қаңтарда күдіктіні Украина аумағында сол елдің құқық қорғау органдары ұстады. 

Қазір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Өзгелердің жаңалығы