Халықты сапалы медицинамен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

25 Сәуір 2022, 17:00
1309
Бөлісу:
Халықты сапалы медицинамен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі денсаулық сақтау технологияларына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният шараның Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің денсаулық сақтау технологияларын бағалау саласындағы ынтымақтастығын дамытуға құнды үлес қосатынын атап өтті. 

Денсаулық сақтау технологияларын бағалау – халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етудің маңызды кезеңдерінің бірі, ол денсаулық сақтаудың неғұрлым клиникалық және экономикалық тиімді технологияларын қолдану үшін іріктеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қазақстан осы салада табысты жұмыс тәжірибесіне ие, сондай-ақ GIN, ISPOR, HTAi және INAHTA халықаралық ұйымдарының институционалдық мүшесі, - деді ведомство басшысы.

Халықаралық конференцияда медициналық көмекпен жаппай қамтуды қамтамасыз ету құралы ретінде маңызды және өзекті мәселелер көтерілді. 

Бұл ретте денсаулық сақтау технологияларын бағалау бойынша халықаралық сарапшы Кшиштоф Ланда денсаулық сақтау саласында ДСТБ нәтижесін пайдалана отырып, дәлелді шешімдер қабылдауға болатынын алға тартты. Syreon Research зерттеу институтының басшысы Золтан Кало (Венгрия) Шығыс Еуропадағы жалпыға бірдей медициналық сақтандырудың тұрақтылығын арттырудағы ДСТБ рөлі туралы баяндады. Салидат Қайырбекова Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының басқарма төрағасы Александр Костюк ДСТБ-ның Орталық Азиядағы денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту тұрақтылығын арттырудағы рөліне тоқталды.

Қазақстанда денсаулық сақтау технологияларын бағалау рәсімі алғаш рет 2010-2013 жылдары Дүниежүзілік банк пен Үкіметтің бірлескен жобасын іске асыру барысында енгізілді. ДСТБ клиникалық тиімділік дәлелдерін бағалау және экономикалық бағалауға негізделетін және денсаулық сақтау жүйесіндегі шығындарды оңтайландыруға, бюджет қаражатын пайдалануды ұтымды етуге бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдаудың тиімді құралы.

Қатысушылар атап өткендей, конференция кәсіби қарым-қатынас орнату, оқыту, жинақталған тәжірибе мен озық идеялармен алмасу үшін тиімді пікірталас алаңына айналды. Шараның қорытындысы бойынша  әзірленген ұсынымдар Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінде денсаулық сақтау технологияларын бағалау саласындағы өңірлік өзара іс-қимылды дамыту мен денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастыруда үлкен маңызға ие болады. 

Өзгелердің жаңалығы