Халықтан келіп түскен барлық ұсыныстар ескерілді – Ғалымжан Құсманғали

29 Қыркүйек 2022, 14:46
2084
Бөлісу:
Халықтан келіп түскен барлық ұсыныстар ескерілді – Ғалымжан Құсманғали

Астанада «Жаңа саяси дәуір: ашықтық, әділдік және өзара сенім» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Жиында Президент Жолдауының негізгі ережелері, жаңа саяси дәуірді айқындайтын бастамалары туралы талқыланды.

Халықтан келіп түскен барлық ұсыныстар ескерілді – Ғалымжан Құсманғали

Отырысты Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали ашты.

Президент Жолдауында барлық маңызды саяси мәселелер айтылды. Халықтан келіп түскен барлық ұсыныстар зерделенді және ескерілді. Мемлекет басшысының  ұзақ мерзімді, стратегиялық бастамалары мен реформалары әрбір қазақстандықтың қатысуын талап етеді, өйткені азаматтардың ерік білдіруі Жолдаудың тиімді іске асырылуына кепіл болады, - деді әкім орынбасары.

Халықтан келіп түскен барлық ұсыныстар ескерілді – Ғалымжан Құсманғали

Жезқазған университетінің оқытушы-профессорлар қауымы мен білім алушы жастары Президент жолдауын ыждағатпен тыңдап, онда айтылған саяси реформалардың жаңа бағдарламасын бірауыздан қолдады. Бұл туралы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің Президент-Ректоры Әбділмәлік Тәкішев мәлім етті.

Халықтан келіп түскен барлық ұсыныстар ескерілді – Ғалымжан Құсманғали

Жолдауда Қазақстан азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған негізгі міндеттер аталған. Білім беру сапасын арттыруға да ерекше көңіл бөлінеді. Білім беру гранттарын, оқуға жеңілдетілген несие бөлу жоспарлануда. Бұл шаралар жоғары білімді мейлінше қолжетімді етеді, сондай-ақ қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтады. ЖезУ ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған жаңа саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға дайын, - деді Тәкішев.

Халықтан келіп түскен барлық ұсыныстар ескерілді – Ғалымжан Құсманғали

Сондай-ақ «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің маманы, Жазушылар Одағының мүшесі Ғазиз Ештанаев халық пен биліктің арасын жақындастыратын осындай алаңдарды көбейту керек екенін айтты.

Халықтан келіп түскен барлық ұсыныстар ескерілді – Ғалымжан Құсманғали

Мемлекет басшысының халыққа жақын болуға ниетін білдіретін бастамаларын, қадамдарын байқап жүрміз. Сол бастамаларды жүзеге асыру үшін үлкен күш, бірегейлік керек. Біз осы Президент реформаларын қолдауға дайынбыз, - деді Ғазиз Ештанаев. 

Халықтан келіп түскен барлық ұсыныстар ескерілді – Ғалымжан Құсманғали
Өзгелердің жаңалығы