Халықаралық телеарна іске қосылады

27 Тамыз 2023, 22:10
693
Бөлісу:
Халықаралық телеарна іске қосылады
Фото: скрин

Президент Телерадиокешені Silk Way Cinema халықаралық телеарнасының 1 қыркүйектен бастап іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Телерадиокешенінің мәліметінге, телеарна қазақ және орыс тілдерінде тәулік бойы хабар таратады. Арна сигналы оннан астам таяу шет елдерге қолжетімді болады. Жаңа спутниктік арнадан танымдық және білім беру бағдарламалары, деректі және музыкалық жобалар, телехикаялар эфирге таратылады.

Сондай-ақ Silk Way Cinema эфирінде республикалық телеарналар мен «Қазақфильм» киностудиясының фильмдік контенті де көрсетіледі.

Silk Way Cinema өзін жағымды көңіл күй көзі ретінде танытады, жаңа телеарна аудиториясына тек қана қазақстандық контент ұсынылады. ҚР Президенті Телерадиокешенінің жаңа медиа-ресурсы отандық креативті индустрияның үлгісі болуды, көрші мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуды, сондай-ақ түрлі елдердегі қазақ диаспорасы өкілдеріне сапалы контент ұсынуды жоспарлап отыр, - деп жазылған Президент Телерадиокешенінің хабарламасында. 

 

  

 

 

Өзгелердің жаңалығы