Халықаралық саудада тұтынушылардың құқығы қалай қорғалады?

20 Маусым 2023, 20:02
944
Бөлісу:
Халықаралық саудада тұтынушылардың құқығы қалай қорғалады?
Фото: Артём Чурсинов - архив

Елімізде онлайн саудадан опық жеген тұтынушылардың қатары көбейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде «AliExpress», «Карго», «Wildberries» сынды интернет дүкендерінде тапсырыс бергендер, 14 млн теңге шығынға ұшыраған. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Болат Танабергенов мәлімдеді.

Қазіргі таңда комитет тарапынан «Wildberries» халықаралық интернет дүкенімен бірлесе жұмыс жүргізіліп жатыр. Тұрғындар тарапынан халықаралық саудада опық жеген адамдардың өтініштері көп түсіп жатыр. Бүгінде бізде WhatsApp чат ашылды. Осы арқылы 2022 жылы біздің комитетке 450-ден астам шағым түскен. Осылайша, барлығы 14 млн теңгенің шығыны келтірілген. 2022 жылы 392 өтініштен 11 млн теңге қайтарылды. Бұл жұмыс әлі де жалғасады. Зардап шеккен тұтынушылар «eOtinish» арқылы өтініштерін жібере алады, – деді Болат Танабергенов.

Өзгелердің жаңалығы