Халықаралық орыс тілін қолдау жобасы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмақ

27 Қыркүйек 2023, 12:51
3025
Бөлісу:
Халықаралық орыс тілін қолдау жобасы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмақ
Фото: Арман Мухатов - архив

Елімізде орыс тілін қолдау және насихаттау жөніндегі халықаралық ұйым құрылмақ. Жарлық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген жобада:

Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін, - делінген Үкімет қаулысында.

Орыс тілінде халықаралық ұйым құру туралы жарлық жобасын ашық талқылауға шығарылды, алайда оған тек бір сағат уақыт берілген. Порталдағы пікірлердің көбі мұндай ұйымның құрылуына қарсы екенін жазған. 

Сонда-ақ министрліктің түсіндірме жазбасында жобаны іске асыру ратификациялау рәсімі өткізілгеннен кейін мемлекеттік бюджеттен қаражатты талап ететіндігі айтылған.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы. Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, - дезлінген Ғылым министрлігінің түсіндірмесінде.

Өзгелердің жаңалығы