Халықаралық фестивальде бас жүлде алған спектакль елордада тұңғыш рет көрсетіледі

31 Қаңтар 2024, 05:07
361
Бөлісу:
Халықаралық фестивальде бас жүлде алған спектакль елордада тұңғыш рет көрсетіледі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Жастар театрының» сахнасында бірден үш ұлы жазушы - Шыңғыс Айтматов, Оралхан Бөкей және Роза Мұқанованың шығармалары негізінде қойылған «Жан пида» трагедиясының премьерасы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қойылымда табиғат пен адам баласы арасындағы күрделі қарым қатынасты биік адамгершілік деңгейде көтеріп, оның мәңгілік ажырамас байланысына философиялық астармен қарауға үндейді.

Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрқанат Жақыпбай.

Жарық дүниеде адамға не қиыншылық кездеспесін, ол кімнен қиянат көрмесін, бірақ, шындық мәңгі өмір сүреді. Адам туады, өледі, бірақ мәңгі-бақи өлмейтін шындық бар, ақиқат бар..., – деп атап өтті Нұрқанат Жақыпбай.

Айта кетейік, спектакль Қырғызстанда өткен заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған VI халықаралық «Айтматов және театр» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алған болатын.

Театрдың шығармашылық ұжымы көрермендерін 31 қаңтар, сағат 19:00-де күтеді.

Өзгелердің жаңалығы