Халықаралық еңбек ұйымының конвенциясын ратификациялау бойынша заң жобасы әзірленді

26 Шілде 2024, 20:15
464
Бөлісу:
Халықаралық еңбек ұйымының конвенциясын ратификациялау бойынша заң жобасы әзірленді
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (131-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжат 2024 жылғы 8 тамызға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Заң жобасын қабылдау қызметкерлер мен олардың үй шаруашылықтарының қажеттіліктерін ескере отырып, ең төмен жалақының әділ деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді, ең төмен жалақы деңгейін белгілеу бөлігінде халықаралық стандарттарды одан әрі енгізуді қамтамасыз етеді және Қазақстанның осы саладағы халықаралық нормаларды сақтауға және орындауға бейілділігін растайды.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Құжатпен толығырақ «Ашық НҚА» порталындағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15149408 сілтемесі бойынша танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы