Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Халықаралық басылымда еліміздің сот төрелігі туралы мақала жарияланды

9 Желтоқсан 2024, 17:52
632
Бөлісу:
 Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Еуропалық "Modern Diplomacy" басылымы Қазақстанның Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиевтің Страсбургке жұмыс сапары аясында оның "Қазақстанның сот төрелігі – мобильді, ашық және қолжетімді" атты мақаласын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

А.Мерғалиев мақаласында Қазақстанның құқықтық мемлекет қалыптастырудың кепілі ретінде прогрессивті заңдарды қабылдау, судьялардың ой-өрісін өзгерту, соттар жұмысын ұйымдастырудың жаңа моделі қағидаттарының жұмыс істеуі арқылы сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуға баса назар аударған.

Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның басшысы (CEPEJ) Франческо Депаскуале мен Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының басшысы Луис Пальманың Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан құқықтық реформаларға оң баға бергені және олардың адам құқықтарын қамтамасыз ету және сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктері атап өтілген.

Жоғарғы Сот Төрағасы судьялардың тәуелсіздігін нығайту, әкімшілік әділеттің тиімділігі, алқабилер соттылығын кеңейту, дербес кассациялық саты құру, цифрландыруды дамыту және т.б. бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
 

Өзгелердің жаңалығы