Халық жиналып көлік алып берген павлодарлық қария сырқат балаларға көмектесіп жүр

23 Қыркүйек 2022, 12:42
1440
Бөлісу:
Халық жиналып көлік алып берген павлодарлық қария сырқат балаларға көмектесіп жүр
Фото: автордан

Павлодар қаласында «Запорожец» көлігімен жол апатына ұшыраған зейнеткер халық жинап берген қомақты қаражатты қайырымдылыққа жұмсамақ, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ  тілшісі.

Айта кетейік, 85 жастағы Ефим Купин облыс орталығындағы қиылыстардың бірінде «Тойота» көлігімен соғылып, жол апатына ұшыраған. Қираған «Запорожец» машинасының жанында жылап тұрғын зейнеткерді тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуеттік желілерге салған. Бұған ел азаматтары бейжай қарамай, Ефим Никитичке қаражат жинай бастады.

Сол кезде көлігіме отырып, күзгі Ертіс өзенінің бойында серуендеуге бара жатып едім. Кенеттен шетелдік машинаға соғылдым да қалдым. Жол апатына мен кінәлімін. Сол күні жерлестерім хабарласып, қаржи жинай бастады. Әрине, күтпедім. Біздің халық қайырымды ғой. Көмектескендеріне ризамын, - дейді Ефим Купин.

Зейнеткердің атына есепшот ашуға қолғабыс жасағандар табылды. Жеке сот орындаушысы, павлодарлық Назымхан Назимов қарияға көмек қолын созғандардың қатарынан табылды.

Осы жол көлік оқиғасы туралы әлеуметтік желілерден білдім. Жұмыс орным апат болған жерге жақын орналасқандықтан, Ефим атаға көмегімді ұсындым. Мақсатым сол. Осылайша, зардап шеккен «Тойота» көлігін жөндеуге төрт миллион теңгеге жуық қаражат кетті. Апат болған сәттен бері 13 млн. теңгеден астам ақша жиналды. Ефим Никитич халық берген қаражатты ауыр халдегі балалардың еміне жұмсауды ұйғарды. Осы күнге дейін бірнеше  науқасқа қаражат аудардық, - дейді Назымхан Назимов.

Ефим Купиннің өзі – балалар үйінің түлегі. Өмір бойы энергетика саласында еңбек еткен. 

Өмір бойы адал еңбек еттім. Халық жинаған қаражатты еңбегіммен тапқан жоқпын. Сондықтан, көмекке зәру балаларға көмектесуді шештік. Ауыр халдегі жеткіншектердің ата-аналарымен хабарласып, ақша аударып жатырмыз. Халық көместекпесе, қиратқан көлікке зейнетақымның бір бөлігін ай сайын аударып отырар едім, - дейді қария.

Айта кетейік, зейнеткер 39 жыл қызмет еткен «Запорожец» көлігінен айырылған соң семейлік Асылбек Андабаев өзінің көлігін қартқа сыйға тартты. Қайырымды жан дәл сондай маркалы темір тұлпарды Павлодарға жеткізіп берді. 

Өзгелердің жаңалығы