Халық зейнетақы жинағынан 200 теңгеге дейін аударып алуда

20 Наурыз 2022, 04:25
1386
Бөлісу:
Халық зейнетақы жинағынан 200 теңгеге дейін аударып алуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кейінгі 3 күнде enpf-otbasy.kz порталында зейнетақының артығын пайдалануға 157 мыңнан астам өтінім қабылданды. 

Отбасы банктің хабарына сүйенсек, өтініштің көптігінен платформаның жұмысы нашарлаған. Банк зейнетақы жинақтарының артығын пайдаланғысы келетіндердің барлығы 1 сәуірге дейін үлгеруі үшін демалыс және мереке күндері де жұмыс істеуге шешім қабылдады. 

Қазақстандықтардың БЖЗҚ-дан сұрататын ең төменгі сомасы – 200 теңге. Өтініш бергендердің орташа жасы – 36-45 жас. Платформаны пайдаланушылардың басым бөлігі ер адамдар, - деп хабарлайды Отбасы банкінің баспасөз қызметі.

Бір жыл ішінде барлығы 1,5 млн өтінім өңделген.

Өзгелердің жаңалығы