«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы аясында 100-ге жуық азаматтарға заңгерлік кеңес берілді

26 Мамыр 2023, 21:28
1011
Бөлісу:
«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы аясында 100-ге жуық азаматтарға заңгерлік кеңес берілді
PHOTO
Фото: СЖҚІА Қостанай облысы бойынша департаменті

2023 жылғы 26 мамырда Қазақстанның барлық қалаларында бір мезгілде «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

СЖҚІА Қостанай облысы бойынша департаментінің мәлімдеуінше, құқықтық мәселелер бойынша сараптамалық кеңес алу және Қостанай облысының үздік сарапшыларына жүгіну мүмкіндігін 100-ге жуық азамат пайдаланды. Кеңес беру барысында оларға мемлекеттік органдар өкілдерімен және өңірдің жетекші заңгерлерімен тегін көмек көрсетілді.

«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы аясында 100-ге жуық азаматтарға заңгерлік кеңес берілді

Аталған іс-шара Қазақстан Республкиасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Zakon.kz» желілік басылым және "ПАРАГРАФ" ақпараттық жүйесі бастамасымен ұйымдастырылды.

Іс-шара шеңберінде 40-тан астам сарапшы жұмыс атқарды, түрлі сала мамандары, соның ішінде азаматтар жиі жүгінетін мемлекеттік органдар тартылды, олардың қатарында салық, жер қатынастары, құқық қорғау органдар және басқа да тиісті құзыретті органдар, ал жеке жағдайлар бойынша адвокаттар мен заңгерлер жұмыс істеді, бұл кез келген азамат үшін өз сұрақ-сауалын қойып, тура сол жерде тегін кеңес алуға толық мүмкіндік берді», - деді іс-шара барысында Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Бауыржан Ұзынжас.

«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы аясында 100-ге жуық азаматтарға заңгерлік кеңес берілді

Ұйымдастырушылардың айтуынша, азаматтардың ең көп өтінген салалардың қатарына тұрғын үй және жер қатынастары, сот ісін жүргізу және алименттерді өндіріп алу, жеке кәсікерлерге әкімшілік кедергілер қою және денсаулық сақтау салалары жатады.

«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы аясында 100-ге жуық азаматтарға заңгерлік кеңес берілді

Жалпы, 2016-2022 жылдар аралығында іс-шараға республика деңгейде 7000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, 150 000-нан астам өтініш білдірген азаматтар мамандандырылған кеңес алды.

Өзгелердің жаңалығы