«Халық қатысатын бюджетке» түзетулер енгізілмек

3 Қыркүйек 2022, 12:04
822
Бөлісу:
«Халық қатысатын бюджетке» түзетулер енгізілмек

Үкімет отырысында қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов осылай деп мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, халықтың мемлекеттік қаржыны басқару мен бақылауға қатысуы бойынша бюджеттеудің жаңа практикаларын қолдану мақсатында нормативтік құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізілетін болады. 

Бұл «халық қатысатын бюджеттің» ауқымын аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарға кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл процестің ашықтығын қамтамасыз етеді, азаматтардың жергілікті билікке сенімін нығайтады, халықтың хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттырады, инфрақұрылым объектілерінің сапасы мен ұқыпты пайдаланылуы үшін ортақ жауапкершілікті қамтамасыз етеді, - деп ведомства өкілі.

Өзгелердің жаңалығы