Халық наразылығын тудырады. Смайылов көмір бағасы мен тапшылығына қатысты пікір білдірді

6 Қыркүйек 2022, 11:17
764
Бөлісу:
Халық наразылығын тудырады. Смайылов көмір бағасы мен тапшылығына қатысты пікір білдірді

Көмір тапшылығы   жыл сайын қайталанатын   үйреншікті жағдайға айналып барады. Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы   өңір әкімдіктері   жылыту маусымына дайындық жұмыстарын кестеге сай жүргізіп жатыр. Қостанай,  Алматы,  Қызылорда,  Батыс Қазақстан облыстары   әлеуметтік сала объектілері мен   тұрғын үйлерді   жылыту маусымына дайындау жоспарын   100 пайыз орындады. Дегенмен, тұрғын үйлердің дайындығын   кестеден кешіктіру фактілері де бар. Мысалы,   Павлодар облысында 66,5 пайыз. Халыққа жылу   уақытымен беріліп,   көмір жеткізуге байланысты проблема болмауы тиіс, - деді Үкімет басшысы.

Айтуынша, көмір тапшылығы   жыл сайын қайталанатын үйреншікті жағдайға айналып барады.

Көмірге деген ұзын-сонар кезек,   бағаның күрт өсуі,   уақытында жеткізілмеуі,   өңірлерде көмір қорын дер кезінде жинап алмау –  осының барлығы халықтың наразылығына алып келеді. Бұған жол беруге болмайды. Жылыту маусымына дейін аз ғана уақыт қалды. Солтүстік өңірлерге   суық ерте түседі. Сондықтан   жылыту маусымын   қыркүйектің соңында бастау жоспарланған. Демек,   дайындық жұмыстарын   барынша тездету қажет, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы