Халық көп жиналатын жерде маска кию керек – ШҚО СЭБД басшысы

19 Тамыз 2022, 01:36
1181
Бөлісу:
Халық көп жиналатын жерде маска кию керек – ШҚО СЭБД басшысы

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы тұрақты түрде «жасыл» аймақта. 1 шілде мен 16 тамызға дейін облыс аумағында COVID-19 белгілері бар пневмония тіркелген жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Турдиев Қанат айтты.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) Қазақстанда коронавируспен сырқаттанушылық өскен жағдайдағы  шектеу шараларын қайта қарастырды, - деп түсіндірі ол.

Сондай-ақ департамент басшысы облыс тұрғындарына өңірдің жасыл аймақта екеніне қарамастан халық көп жиналатын орындарда, ұйымдасқан ұжымдарда және көліктің барлық түрлерінде маска киіп жүруге кеңес берді.

Бүгінгі күні облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина-профилактикалық шаралар қарқынды жүргізілуде. 2022 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №25 қаулысына сәйкес қайта ревакцинациялауға жататын адамдар санаты анықталды. Өркениетті елдер арасында қайта ревакцинациялау COVID-19 айналымындағы және жаңа штамдарымен күресудің тиімді шараларының бірі ретінде танылды. ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырады, - деді Қанат Абдусалимұлы.

Өзгелердің жаңалығы