Халық ерікті түрде 1,8 млрд теңгенің қаруын тапсырған

3 Мамыр 2022, 11:13
1246
Бөлісу:
Халық ерікті түрде 1,8 млрд теңгенің қаруын тапсырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Ішкі істер министрлігі халықтан заңсыз сақталған қау-жарақтарды саты алу бойынша республикалық акцияларды үнемі өткізеді. Барлығы 2008 жылдан бастап осындай 11 іс-шара жүргізілді. Бұл акциялар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.11 жылдың ішінде осындай акциялар барысында (2008, 2012-2015, 2016-2021) барлығы өтемді түрде жалпы соммасы шамамен 1,8 млрд  теңгеге,  54 мыңнан астам бірлік атыс қаруы және 2 млн астам ойық қарудың патрондары ерікті түрде тапсырылған, - деді Ыдырысов. 

Оның айтуынша, бұл шаралар криминогендік ахуалға оң септігін тигізді.

Тек соңғы 5 жылда қару-жарақпен жасалған қылмыстар саны жартысына дерлік азайды. Заңсыз сақталған қару-жарақ заттарды ерікті түрде өтемді тапсыруға ниет білдірген азаматтар, егер оның әрекеттерiнде өзге құқық бұзушылық құрамы болмаса қылмыстық (ҚР ҚК 287-бабы) және әкімшілік  (ӘҚбК 482-баб) жауапкершіліктен босатылатынын айта кету қажет, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы