Халық болашақта электр көзінен тарыға бастайды - кәсіпкер

16 Тамыз 2024, 12:06
562
Бөлісу:
Халық болашақта электр көзінен тарыға бастайды - кәсіпкер
Фото: автордан

Алматыда АЭС салу жобасына қатысты жария талқылауы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Кездесуге келгендердің қатарында электромобильді көліктердің тасымалдаушылары да болды. Олардың айтуынша, мұндай көліктің әрқайсысы тәулігіне 25 киловатт электр қуатын пайдаланады. Болашақта энергия көзінің жетіспеушілігі сезілуі мүмкін. 

Халық болашақта электр көзінен тарыға бастайды - кәсіпкер

­Елімізде электромобильді көліктердің саны артып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда, бұл көліктер 4 есе көп импортталған. Бүгінде әрбір электромобиль тәулігіне 25 киловатт электр қуатын пайдаланады. Менің ойымша, 10 жылдан кейін елімізде 50 мыңға жуық электромобиль пайда болуы мүмкін, себебі көліктің осы түріне қызығатындардың саны артып келеді. Сол кезде электр қуатының тапшылығы сезіліп, халық болашақта электр көзінен тарыға бастайды. Алматының ауасы қатты ластанғандықтан, атом электр стансасы бізге өте қажет, өйткені бүгінде электр қуатының саны артып келеді, -­ деді кәсіпкер Ануар Нагиметов.

Оның айтуынша, электромобильді көліктер жылына 500 мың мегаватт электр қуатын пайдаланады. 

Халық болашақта электр көзінен тарыға бастайды - кәсіпкер

­ Электромобильді көліктер күніне 25 киловатт электр қуатын пайдаланады, бұл тәулігіне 1200 мегаватқа артады. Сонда жылына 500 мың мегаватт болады екен. Мұндай көліктерді тасымалдаушы ретінде болашақта бізді энергиямен қамтамасыз ете алады ма деген уайым бар. Сол себептен бізге атом электр станциясы өте қажет. Ал жылу электр орталығы, көмірмен жұмыс істейтін электр стансасы, меніңше, өткеннің еншісінде. Біз бүгініміз үшін болашақпен өмір сүруіміз керек, -­ деді жеке кәсіпкер.

Өзгелердің жаңалығы