Халық ақыны Қонысбай Әбіл дүниеден озды

Халық ақыны Қонысбай Әбіл дүниеден озды
8643

Бұл туралы әлеуметтің желідегі парақшасында Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл дүние не болып кетті?!
Астанадан таң бозымен тағы бір ауыр хабар жетті - арқалы ақын Қонысбай Әбіл дүниеден өтіпті!
Жалған-ай!..
Қазақстанның Халық ақыны, алты Алаштың ардақтысы, сөз сүлейі, сайыпқыран сатирик, қарымды қаламгер, асыл азамат бұл пәниден бақиға көшіпті! 
Көкірегім қарс айырыла отырып, марқұмның отбасына, аяулы ақынын қадірлейтін халқымызға көңіл айтамын.
Бақұл бол, досым! Жаның жаннатта болсын!, - делінген жазбада.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы