Халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарды – Даниал Ахметов облыс халқы туралы

12 Қараша 2021, 14:18
1952
Бөлісу:
Халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарды – Даниал Ахметов облыс халқы туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов өңір халқының тұрмыс-тіршілігі жақсарғанын айтты.

Облыс әкімі биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аталып өтілетін тарихи кезең екенін атап өтті.

Еліміздің басқа аймақтарымен бірге Шығыс Қазақстан облысы да ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге қол жеткізді. Ең бастысы, өңір халқының тұрмыс-тіршілігі жақсарды. Тәуелсіздік жылдарында жалпы өңірлік өнім көлемі 2,5 млрд теңгеден 5,2 трлн теңгеге дейін өсті, - деді Даниал Ахметов.

Әкімнің мәліметінше, жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 1,5 млн теңгеден 3,8 млн теңгеге дейін ұлғайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 780 миллионнан 780 миллиард теңгеге дейін артты.

Жұмыссыздық деңгейі 11-ден 4,8%-ға дейін азайды. Шығыс өңірі Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын табысты іске асырып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қойылған міндеттерді абыроймен орындап келеді, - деді ол ОКҚ-да.

Өзгелердің жаңалығы