Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жайлы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Бекзат Рахымов айтты.
Биыл «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңға өзгерістер енгізу аясында алғаш рет саланың жай-күйі туралы есеп Мемлекет басшысының алдында берілетін болады. Комиссия есепте ескерілуі тиіс мәселелерге қатысты ұсыныстар айтты.
Есепті дайындау барысында ақпаратқа қол жеткізу саласына терең талдау жасалған. Соның негізінде саланың қазақстандық моделінің әлсіз және мықты тұстары анықталды.
Әлсіз тұстарының қатарына халықтың ақпаратқа қол жеткізуіне құқылы екендіктері жайлы сауаттарының төмендігімен қатар «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңда шектеулердің болуы сынды мәселелер аталды.
«Ашық Үкімет» порталының техникалық ескіруі, мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларында дағдылар мен құзіреттердің және бақылау тетіктерінің болмауы да ақпаратқа қол жеткізудің әлсіз тұстарының бірі. Сонымен қатар «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңның кейбір талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің жоқтығын да атап өтуге болады, - деді ол.
Бұған дейін ақпаратқа қол жеткізудің қазақстандық моделінің мықты тұстары жайлы жазған болатынбыз.