Халықты тонап келген жалған полицей ұсталды

21 Шілде 2021, 11:10
5719
Бөлісу:
Халықты тонап келген жалған полицей ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Ұсталған күдікті өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, Алматыдағы адамдарды тонаған. 

Алматы қалалық ПД-нің мәліметінше, Жамбыл облысының 20 жастағы тұрғыны осындай оңай пайда табу әдісін бірнеше рет қолданған. 

Ш. есімді ер адам бұрын сотталған. Бұл жолы қылмыстың әдісі аздап өзгерген. Енді ол өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, өтіп бара жатқан адамдарды тонаған. Күдікті ұсталды. Одан полиция формасы тәркіленді, ол оны еркін нарықта сатып алғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚК-нің 191-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу жүріп жатыр, - дейді деді Медеу АПБ-ның бастығы Дәурен Өтебаев.
Күдіктінің Алматы аумағында және Алматы облысының шекаралас аудандарында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта осы адам жасаған бес қылмыстық эпизод анықталған.
Өзгелердің жаңалығы