Халықаралық жастар күніне арналған іс-шараларға 800 мың қазақстандық қатысады

12 Тамыз 2021, 09:58
1290
Бөлісу:
Халықаралық жастар күніне арналған іс-шараларға 800 мың қазақстандық қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 тамызда Халықаралық жастар күні аясында бүкіл ел бойынша жастарды қолдауға және оларды мемлекеттің қоғамдық өміріне тартуға бағытталған 200-ден астам онлайн-іс-шара өткізу жоспарланған.

Іс-шаралар аясында 800 мыңнан астам жастар қамтылады. Барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалада жастардың өзекті мәселелерін талқылап, шешу жолдарын ұсынатын өңір әкімдері жанындағы кеңес отырыстарын, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында қайырымдылық іс-шараларын және волонтерлердің қатысуымен экологиялық акцияларды өткізу жоспарланған.

Халықаралық жастар күні іс-шараларының маңызды бөлігі ЖОО және ТжКБ ұйымдарының түлектерін, NEET санатындағы жастарды және т. б. жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында вакансия жәрмеңкелерін ұйымдастыру болады.

Өзгелердің жаңалығы