Халық сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарына сенбейді – Әділ Мұқашев

17 Наурыз 2021, 11:44
1552
Бөлісу:
Халық сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарына сенбейді – Әділ Мұқашев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алаңында  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде азаматтық қоғаммен диалог туралы  өткен онлайн сұхбат барысында публицист Әділ Мұқашев айтты.

Бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары қауіпсіздік кезеңіне өтті. Сондықтан, әр азамат өзінің Отанына,  халқына деген сүйіспеншілігін көрсете білуі керек. Бұл әділеттілік арқылы көрінеді. Адамдар өзінің әділеттілігі арқылы ғана Отанына, халқына пайда әкеле алады. Қазіргі таңда біз пандемияны бастан өткеріп жатырмыз, бізде ғана емес, әлем бойынша экономикалық дағдарыс басталып келеді. Бірақ, біздің елде резерв бар. Сол себепті әрбір қазақстандықтың міндеті - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне осы резервтерді қолдану барысында қол ұшын беру. Өйткені бұл резервтерді біз сияқты қарапайым халық емес, кейбір шенеуніктер қара басының қамы үшін пайдалануда, - деді ол.

Публицист адамдар көбіне сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарына сенбейтінін айтады. Оның айтуынша, дәл осы сенімсіздік әділеттілікті жұтып жіберуге шақ қалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Алик Шпекбаев бір сөзінде «полиция – еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа толы салалардың бірі» деген еді. Мен бұл сөзді толық қолдаймын. Бұл салаға реформа керек. Полицияға деген сенімсіздік көрсеткішінің төмендігі де сыбайлас жемқорлықпен тікелей байланысты. Қылмыстық істер, алдау дегеннің бәрі түбінде ақшаға келіп тіреледі. Осы бағытта «Антикор» жақсы жұмыс істеп жатыр. Көптеген полиция қызметкері лауазымдарына қарамай қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны жөнінде талай мысал  келтіруге болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы