Халық санағын 32 мың адам жүргізбек

16 Маусым 2021, 07:15
1940
Бөлісу:
Халық санағын 32 мың адам жүргізбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халық сана­ғын 32 мың адам жүргізбек.Оның көбі – интервьюер. Яғни үйлерді аралап, сауал­нама жүргізіп, жұртпен тығыз жұмыс істейді. Бұл туралы aikyn.kz хабарлады.

Айта кетсек, еліміздің 18-ден асқан кез келген адамы науқанға интервьюер ретінде қатыса алады. Ниетті азаматтардың әрқай­­­­сы­сымен жеке келісімшарт жа­салып, еңбекақы төленеді. Ста­тистика комитеті ресми өкілінің ай­­­туын­ша, биылғы халық са­нағына ин­­тервьюер ретінде үшін­ші рет қа­тысып жатқан егде жас­тағы аза­маттар да бар.

Түркістан облысының Төле би ауданында Оразалы Мүлдеков деген кісі бар. Жасы 70-ке тақап қалған. Біраз қызметтік өмірін ста­тистика саласына арнаған. Осы үшінші халық санағына қа­тысамын деп отыр. Биылғы халық санағына жаңа технологиялар ен­гізілуде. Планшет арқылы он­лайн жұмыс істейді. Осының бә­ріне өзі қызығып, халықпен бір­­ге араласуға ниет білдірген жайы бар, – дейді «Ұлттық санақ – 2021» ұйымының ресми өкілі Ол­жас Сайлаубекұлы.

Өзгелердің жаңалығы