«Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі – Елбасы» акциясын жалғастыруда

1 Шілде 2021, 09:51
1506
Бөлісу:
«Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі – Елбасы» акциясын жалғастыруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауқымды қайырымдылық «Ел тірегі - Елбасы» акциясы қысқа мерзім ішінде еліміздің көптеген немқұрайлы емес азаматтарын біріктірді. Қазақстандықтар 2021 жылдың наурыз-сәуір айларында қор көрсеткен азық-түлік көмекке үлкен алғыспен және ризашылықпен қарады. 

Біз бәріміз халықтың  бауырмашылығы, жанашырлығы мен бірлігі қаншалықты маңызды екенін айқын көрдік.

«Халық» қайырымдылық қорының Қамқоршылар кеңесінің шешімімен 1 шілдеден бастап Қазақстанның барлық аймақтарында кезекті рет «Ел тірегі - Елбасы» акциясы басталды. Қолдау 20 000 отбасына көрсетіледі: жалпы сомасы 500 млн теңгеге 1 млн кг-нан астам азық-түлік, соның ішінде әр отбасына 50 кг-нан азық-түлік: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпит.

Азық-түлік себеттерін қор бұрын көмек көрсеткен отбасыларына: қиын қаржылық жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларына тарату жоспарланып отыр. 

«Ел тірегі - Елбасы» акциясына біздің отандастарымыз үлкен үн қатты. Көп жұмыс жасалды, біздің бірлескен күш-жігерімізбен біз он мыңдаған отбасыларына қажетті азық-түлік көмегін көрсете алдық! Бұл біздің мүмкіндіктеріміздің шегі емес екенін білеміз! «Халық»  қорының қайырымдылық акциясы бүкіл 2021 жылы бойы бірнеше рет өткізіледі. Біз еліміздің барлық мүдделі азаматтары мен кәсіпкерлеріне үндеу тастаймыз - ынтымақтастықта болыңыз, шет қалмаңыз, бізге қосылыңыз - «Ел тірегі - ЕЛБАСЫ» акциясын қолдайық. Біз бірге қайырымдылықтың ауқымын арттыра аламыз, - деп хабарланады «Халық» ҚҚ қамқоршылар
кеңесінің төрағасы Динара Құлыбаеваның жолдамасында. 

Қордың бастамасын біздің еліміздің еріктілері қолдады, олар мүмкіндігінше тезірек азық-түлік себеттерін алушыларға жеткізуді қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы