Halyk Bank БЗТ-ға арналған арнайы шот ашудың операторы болды

21 Қаңтар 2021, 20:00
4416
Бөлісу:
Halyk Bank БЗТ-ға арналған арнайы шот ашудың операторы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Halyk Bank тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) есепке алу және пайдалану жөніндегі уәкілетті операторы болды.

Бұл туралы «Қазақстанның Халық банкінің» баспасөз қызметі хабарлады.

Енді клиенттер онлайн режимінде Halyk Homebank қосымшасында бір реттік зейнетақы төлемдеріне (БЗТ) арналған арнайы шот аша алады. Арнайы шот ашу аталған төлемдерді алудың негізгі алғышарты болып табылады. БЗТ алудың екінші қадамы - өтінімді толтыру. Бұл іс-әрекет аз уақытта қолжетімді болады.

Halyk Bank БЗТ операторы ретінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында БЖЗҚ-дан БЗТ-ға арналған арнайы шоттарды келесі мақсаттарға ашып, жүргізеді:

- бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғын үйді және (немесе) тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге; 

- бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғын үйді және (немесе) тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеуге; 

- ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыруға.

 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы/лауазымды адамы біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіткеннен кейін, сондай-ақ Банк БЖЗҚ-мен келісімге қол қойғаннан кейін БЗТ алуға онлайн өтінім беру Halyk Homebank қосымшасында мүмкін болады.

Өзгелердің жаңалығы