Хабиб Нурмагомедов Головкинге бірнеше кеңес берді

18 Маусым 2021, 06:11
1461
Бөлісу:
Хабиб Нурмагомедов Головкинге бірнеше кеңес берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыдағы баспасөз жиыны кезінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен қаншалықты жақсы араласатыны туралы айтты, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Ресейлік спортшы боксшыға бірнеше кеңес те берді.

Генамен таныспын. Бір рет кездестік. Оның карьерасын бақылап отырамын. Әлемдік деңгейдегі боксшы. Енді бір жекпе-жек өткізіп, ақша жинап алу керек. Содан соң мансабын аяқтауға болады. Бұл менің жеке кеңесім. Адамның жасы 35-тен асқан соң мұндай спортпен айналысудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бокс – аралас жекпе-жекке қарағанда жарақаты көп спорт. Иә, аралас жекпе-жекте буыннан көп жарақат аласың. Бірақ бокста басың сау болмайды. Бір-екі блогерді құлатып, ақша жинап алу керек. Мен оның орнында болғанда блогерлерді ұратын едім. Қазір «Канело» секілді жалындап тұрған жастармен жұдырықтасудың қажеті жоқ, – деді Хабиб. 

Сонымен қатар дағыстандық спортшы Головкиннің аралас жекпе-жекке ауысуына қалай қарайтынын айтты.


Өзгелердің жаңалығы