Ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

10 Қараша 2022, 16:08
988
Бөлісу:
Ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматылық химия-биология бағытындағы NIS желілік ғылыми жобалар байқауына еліміздің әр өңірінен  120-дан астам дарынды оқушыларды бір дода алаңына жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зияткерлер өзекті жобаларын беделді қазылар алқасына ұсынды. Әрбір екінші қатысушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарына енді. 

Желілік байқаудың «Қазақ әдебиеті» секциясында ақтөбелік NIS оқушыларының мобильдік қосымшасы үздік деп танылды. Асқар Иван мен Айшат Темірбаева смартфон қолданушыларын Smart game - Tulga App арқылы әдебиетті оқып, жерлестерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге шақырады.

Зияткерлік карта  республиканың ірі қалаларымен қатар әрбір елдімекенді қамтыған. Жас зерттеушілердің айтуынша, Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойы аясында ұлт ұстазының туған жері – Жангелді ауылын қосымшаға енгізу жобаға ерекше реңк береді. Сондай-ақ мекенжайды басу арқылы пайдаланушылар танымал тұлға туралы  толық ақпарат алып,  қызықты сандық «3 сұрақ» викторинасына қатысады.  

Қазақ жері әлемге көптеген танымал тарихи тұлғаларды сыйлағанын білеміз. Еліміздің әр өңірі өзінің аңызға айналған жерлестерімен мақтана алады. Біздің мақсатымыз тарихта, әдебиетте, өнерде, ғылымда өзінің жарқын із  қалдырған барлық қазақстандықтарды бір қосымшада біріктіру болды, – деп  атап өтті жоба авторлары.

Желілік байқаудың жеңімпаздары қатарын толықтырған Оралдағы NIS  оқушылары Әлнұр Мадихова мен Ақбота Салауатқызы  өз жобаларын танымал жерлестерін еске алуға арнады. Олар белгілі «Майнкрафт» ойыны  негізінде атақты ғалымдар мен жазушылар түлеп шыққан Жәңгір ауылының  мектебін  қайта жаңғыртты. Әзірленген сайтта «Тұңғыш» мектебінің толық нұсқасы, тұлғалардың қызметі туралы  ақпарат жүктелген. Сондай-ақ арнайы бөлім туған өлкенің тарихы бойынша білімді сынауға арналған.

Ал Қарағанды еріктілерді  енді қажетті ақпаратты жүйелеп, жариялап және әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың санын бақылай алатын бірыңғай  сайт біріктіреді.  

Біздің жоба Қарағандыдағы волонтерлік қозғалысты жүйелеуге, орталықтандыруға бағытталған, сондай-ақ  қатарымызға қосылғысы келетіндер үшін ақпараттық ресурс болып табылады. Біз сайтты одан әрі дамытып, болашақта геймификация енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде қаланың ірі волонтерлік ұйымдары апробация жүргізуде, оның жан-жақтылығы барлығын қызықтырады, - деді жоба авторы, «Өлкетану» секциясы бойынша жеңімпаз атанған Қарағандыдағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Мутайхан. 

Қазақ тілі секциясының жеңімпаздары, ақтаулықтар  Ахмет Қуантхан мен Рашид Тамир ұялы телефондарды зияткерлік ойын арқылы қуаттаудың өзіндік тәсілін ойлап тапты. «Афорбот» қосымшасын жүктеу арқылы сіз қазақ зиялылары мен «Алаш» қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы біліміңізді бағалап қана қоймай, әр дұрыс жауап үшін аккумуляторға қуат ала аласыз. 

Жоба авторлары қосымша арқылы Алашорда өкілдерінің еңбектерін мен мұраларын зерттеуге қызығушылықты арттыруды мақсат еткен. Бүгінгі таңда олардың жүзге жуық дана сөздері мен дәйексөздері жиналған. 

Дәстүр бойынша көптеген жас ғалымдар қауіпсіздік пен экология мәселелеріне қатты алаңдайды. Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушысы Арнұр Дәулет «Құтқару қызметі» қосымшасы үшін «Қоршаған ортаны қорғау» секциясында жеңімпаз болды. Құрылғы адамдардың өмірін қорғауға бағытталғанын айтады. Зияткердің қосымшасы апат кезінде адамдарға бірнеше минут ішінде қауіпсіз жерге  кетуге мүмкіндік береді.

Желілік конкурстың көптеген жобалары «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеулік экспедициясының маршруттарында туындаған.  Желілік байқау нәтижесінде «Шабыт» және «Туған жер – тұғырым»  арнайы шығармашылық номинацияларына 14 оқушы ие болды. Жүлделі орындардың иегерлері «Туған елге тағзым» ауқымды республикалық байқауында туған жерге  сүйіспеншілікке шабыттандыратын жұмыстарын ұсынатын болады.

Қазылар алқасының төрағасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Аманжол Қалыш сайысқа қатысушыларының өнімдерін жоғары бағалады. 

Өзгелердің жаңалығы