Ғылыми-техникалық бағдарламалар байқауына өтінімдер қабылдау басталды

10 Сәуір 2024, 17:47
406
Бөлісу:
Ғылыми-техникалық бағдарламалар байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Фото: АШМ баспасөз қызметі

Ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша қайта байқауға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту» басым бағыты бойынша 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын (қолданбалы ғылыми зерттеулер) жүргізуге конкурс қайта өткізетіні туралы хабарлайды.

Конкурстық өтінімдер АШМ-ге «ҰҒТҰО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы ғылыми жетекшінің және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде мына сілтеме бойынша беріледі: https://is.ncste.kz.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 10 сәуірінен басталады.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі - 2024 жылғы 10 мамыр (қоса алғанда).

«ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс жөніндегі Call center (is.ncste.kz) өтінімдерді тіркеу және ЖТН алу үшін: 8-727-355-50-02 (ішкі 207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228). Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-18:00, түскі ас 13:00 – 14:00.

Конкурстық құжаттама және өтінімді ресімдеу бойынша түсіндіруді жүзеге асыратын АШМ-дегі жауапты тұлға - Өскенбаев Асқар, телефоны 8 (7172) 55-59-73, электрондық мекенжайы: uskenbaev.a@minagri.gov.kz. жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 9:00 – 18:30, түскі ас 13:00-14:30.

Өзгелердің жаңалығы