Ғылыми институт басшылары қартайып барады - министр

17 Мамыр 2023, 15:05
750
Бөлісу:
Ғылыми институт басшылары қартайып барады - министр
Фото: BAQ.KZ

Елдегі ғылыми-зерттеу институтындағы басшылардың қартаю үрдісі байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді.

Ведомство басшысы республикадағы ғылым саласындағы кадрлық әлеуетке тоқталды.

Қазір ғылыми кадрлардың саны – 22 456 адам. Ғылыми зерттеушілердің 37%-ы ғылыми және академиялық дәрежеге ие. Бұл көрсеткіш жоғары емес. Ал ғылымдағы жастарға келсек, жағдай жаман емес. 35 жасқа жейін жас ғалымдардың үлесі – 34%-ы, негізгі топ – 43% (35-54 жас аралығындағы ғалымдар), 55 жастан жоғары ғалымдар – 23%-ды құрап отыр. Бірақ ғылыми зерттеу институттарының басшылығына тоқталғым келеді. Мұнда басшы кадрлардың қартаюын байқап отырмыз. Ғылыми зерттеу институттары басшыларының орташа жасы – 59 жас, - деп атап өтті министр.

Айтуынша, бүгінгі таңда академиктердің орташа жасы – 69 жас.

Қазір 414 ғылыми ұйым бар. Олар – гранттық жобаларға және ғылыми зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстарын атқарып жатқан ғылыми ұйымдар.

Мемлекеттік сектордың яғни бізге бағынатын ұйымдардың саны – 26%.

2015 жылы «Коммерцияландыру туралы» заңды қабылдағаннан кейін өсім – 43%-ға жетті, яғни олар кәсіпкерлік-жекеменшік сектор ұйымдары. Қазір бизнес ақырындап ғылыми зерттеу жұмыстарына бет бұра бастады, - деді Саясат Нұрбек.

Өзгелердің жаңалығы