Ғылымды гранттық қаржыландыруға 74 млрд бөлінді

1 Қараша 2022, 14:39
1067
Бөлісу:
Ғылымды гранттық қаржыландыруға 74 млрд бөлінді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ол ғылымды қаржыландыру жүйесі өзгергенін, оны қолдауға арналған келер жылғы қаражат көлемі ұлғайтылғанын атап өтті.

Cоңғы үш жылда ғылымды қаржыландыру 70%-ға өсті. Егер бұрын гранттық және нысаналы қаржыландыруға арналған байқаулар үш жылда бір рет жарияланса, енді жыл сайын өткізіледі. Гранттық қаржыландыруға арналған жалпы конкурстың көлемі алдыңғы конкурстармен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайды. 2023-2025 жылдарға 74,07 млрд теңгені құрайды, - деді ол.

Министрлік 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға 3 конкурс жариялады. 

Бюджет көлемі 3 млрд теңге болатын «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс. Қаражат көлемі 9 млрд теңге болатын 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс. Бюджеті 74 млрд теңгеден асатын 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған жалпы конкурс, - деп ақпарат берді комитет төрағасы. 

Айта кету керек, биыл барлық байқаулар ертерек жарияланды. Ғылыми жобаларды қаржыландыру жаңа күнтізбелік жылдың басынан басталады. Бұл ғалымдарға тиісті жалақыны уақтылы алуға және жыл басынан бері ғылыми жұмыстарын толық орындауға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы