Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

1 Шілде 2021, 13:30
1483
Бөлісу:
Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен  2021 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия сыйлыққа ұсынылған 16 жұмысты қарап, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерімен, сондай-ақ, медицина және биология ғылымдары, жаратылыстану ғылымдары, техника ғылымдары, гуманитарлық ғылымдар,  ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша бес секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстарымен танысты.

 Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2021 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алу үшін ұсынылған және алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі бекітілді. Тізім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.


Өзгелердің жаңалығы