Гвинея-Бисау президенті Астанаға ресми сапармен келеді

17 Желтоқсан 2024, 15:03
410
Бөлісу:
Гвинея-Бисау президенті Астанаға ресми сапармен келеді
Фото: pixabay.com

Аталған ресми сапар 18 желтоқсанға жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

18 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді, - делінген Ақорда хабарламасында.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланады.

Өзгелердің жаңалығы