Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды

19 Ақпан 2021, 05:15
1607
Бөлісу:
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильдің Тель-Авив қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды. 

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ғұсман кіші финалда украиналық Артем Лесюкпен кездесіп, «ваззари» ұпайымен жеңіске жетті. 

Тель-Авив татамиіндегі доданы Қырғызбаев екінші айналымнан бастаған болатын. Алдымен бразилиялық Аллан Кувабараны ұтқан ол кейін әзербайжандық Давуд Маммадсойға есе жіберді. 

Жұбаныш белдесуінде қазақстандық дзюдошы Израиль өкілі Мата Коколаевтан басым түсті. Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев отандық дзюдошылардың жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізіп отыр. 

Өзгелердің жаңалығы