Гуманитарлық көмек таратылмай, қоймаларда көп тұрып қалады – Шекенов

26 Тамыз 2020, 12:55
1542
Бөлісу:
Гуманитарлық көмек таратылмай, қоймаларда көп тұрып қалады – Шекенов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қалалық дәріханаларға жүргізілген мониторинг нәтижелері және медициналық мекемелерге гуманитарлық көмек тарату тақырыбында өткен онлайн брифингте «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов айтты. 

«Астана – адалдық алаңы» мен қоғам белсенділері бірлесіп 14 шілдеден бастап Катар, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Грузия, Жапония, Үндістан,Германия, Чехия, АҚШ, Изариль, БАӘ, Пәкістаннан келген  гуманитарлық көмектерді сүйемелдеді. Тексеру кезінде тауардың жетіспеушілігі тіркелмеді. Алайда көмектің уақытылы жеткізілмеуіне қатысты жағдайлар болды. Гуманитарлық көмек қажетті жерлерге жеткізілмей, қоймаларда тұрған, - деді ол. 
Шекенов айтып өткендей, Түркия 15 шілдеде Қазақстанға 10 ИВЛ аппаратын жолдаған. 
Аталған тауар Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасына 19 шілде күні жетеді. Тауардың 4 күн бойы қайда болғаны белгісіз. Ол аса қажетті болған кезеңде қоймаларда жатқан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен жүк мақсатты орнына жеткізілді. Бүгінгі таңда қаланың барлық медицина ұйымдары қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Мониторинг әлі де жалғасады, - деді ол. 
Депутат атап өткендей, бұл мәселелер қоғамның бақылауында болуы керек. 
Карантин әлі де аяқталмады. Сондықтан карантин талаптарын барынша сақтап, келесі толқындардың болуына жол бермеу керек. Маска тағып, адам көп шоғырланған жерде әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырамын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы