Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек берді

<h4 align="center">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық гуманитарлық көмекті Ауғанстан Ислам Республикасының халқына ресми тапсыру рәсімі өтті.<br> </h4> <br>

 22 Маусым 2020 2020, 20:00
22 Маусым 2020 2020, 20:00
1617

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық гуманитарлық көмекті Ауғанстан Ислам Республикасының халқына ресми тапсыру рәсімі өтті.

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ішінде 1900 тонна ұн, 500 тонна макарон өнімдері, 4 мың литр күнбағыс майы және 200 мың қоюлатылған сүт банкалары кіретін 46 вагон гуманитарлық жүк жеткізілді.

Ресми іс-шараға Балх провинциясы әкімшілігінің, Ауғанстан СІМ және Қазақстанның АИР-дағы елшілігінің өкілдері қатысты.

Аталған азық-түлік өнімдерін АИР үкіметі елдің мұқтаж аймақтарына таратады.
Наверх