Гүлзарға зиян келтірген бұзақы он тәулікке қамалды

11 Қараша 2024, 20:41
428
Бөлісу:
Гүлзарға зиян келтірген бұзақы он тәулікке қамалды
Фото: polisia.kz

Алматы облысында гүлзарға зиян келтірген бұзақы он тәулікке қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қонаев қаласының полицейлері 18 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол 11 қарашаға қараған түні қала орталығындағы бұзақылық ниетімен гүлзарға зақым келтірді. Жас жігітке қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 

Сот оны кінәлі деп тауып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды, келтірілген шығынның орнын толтыруға міндеттеді. 

Құқық қорғау органдары заң мен тәртіп бәрінен жоғары екенін еске салады: тіпті ұсақ құқық бұзушылық жазасыз қалмайды.

Өзгелердің жаңалығы